Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау туралы

ХАБАРЫ

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнынааумақтық және 14 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлаубойынша жұмыс басталғандығы туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 31 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылғанhttp://martukmaslihat.kz/.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 31мамырға дейін дүйсенбі –жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Мәртөк аудандық мәслихат

Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы–Көлкебаев Талғат Омарбекұлы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36 үй.

Жауаптыадам– ​​Кадыров Асылхан Бекболатұлы, каб. № 12, қалааралық телефон коды (871331), қызметтіктелефоны: 21-4-83, факс нөмірі: 21-6-47, электрондықпоштамекенжайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Мәртөк аудандық мәслихатышығып қалған комиссия мүшелерінің орнынааудандық сайлау комиссиясының және 14 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлайды:

№ р/б Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің саны
1 2 3 4 5

Аудандықсайлаукомиссиясы

1. Мәртөкауылы, Сейфуллин көшесі 38, әкімшілікғимараты 7 1
Учаскелік сайлау комиссиялары - 14
1. № 266 Мәртөкауылы, Абай көшесі 22, № 1 орта мектеп 7 1
2. № 268 Мәртөкауылы, Жамбыл көшесі 125, № 2 мектеп-гимназия 7 1
3. № 272 Сарыжарауылы, Имановкөшесі10, ауылдық Мәдениет үйі 7 1
4. № 274 Жайсаңауылы, Болашақкөшесі 33а, ауылдық клуб 5 1
5. № 280 Первомайкаауылы, И.Тайманов көшесі, 14, ауылдық клуб 5 3
6. № 281 Жаңажолауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 56, ауылдық клуб 5 2
7. № 287 Дмитриевка ауылы, Достық көшесі, 39, мектеп 5 1
8. № 288 Покровка ауылы, Жеңіс көшесі, 4, мектеп 5 2
9. № 290 Родниковка ауылы, Гагарин көшесі, 12, ауылдық клуб 7 1
10. № 295 Аққайынауылы, Ақбұлақ көшесі, 1А, мектеп 5 1
11. № 299 Құрмансайауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 15, ауылдық клуб 5 1
12. № 301 Егізатаауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 12, мектеп 5 2
13. № 302 Шандыауылы, Есет батыр көшесі, 29, медпункт 5 2
14. № 303 Хазіретауылы, Ленин көшесі, 31, ауылдық клуб 5 1

Мәртөк аудандық мәслихаты

1

 

almuhambetov

Көлкебаев Талғат Омарбекұлы
Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы

 

      Телефон доверия

ГУ «Аппарат Мартукского районного маслихата»   сообщает телефон         доверия для обращения по вопросам нарушений норм антикоррупционного законодательства, Закона Республики Казахстан «О государственной службе Республики Казахстан» и Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан работниками аппарата районного маслихата: